Қарағанды облысы Еркіндік ауылында карантинді тоқтату мәселесі 12 шілдеде шешіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғындары түйнемеге шалдыққан Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында карантинді толтату мәселесі 12 шілдеден кейін шешіледі. Бұл туралы өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков хабарлады.
None
None

«Осыған дейін жарияланған карантинді тоқтату үшін жүргізілген дезинфекциялау жұмыстарының сапасын зертханалық зерттеу нәтижелерін алуымыз керек. Сараптамалардың нәтижесі 12 шілдеде белгілі болады, содан кейін тиісті шешім қабылдаймыз», - деді ол ҚР Үкіметінің отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта ветеринарлық қызмет қорытынды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді, барлық ірі қараға аурудың алдын алу мақсатында қайта екпе жасалды. Иесіз мысықтар мен иттер атылды. Дерт ошағында 47 адам мен 13 техника жұмысын жалғастырып жатыр. Адамдар мен мал арасында ауруды жұқтырудың жаңа фактілері тіркелмеді.  

20 маусымнан емдеуде болған сегіз адамның екеуі ауруханадан шығарылды. Қалған алтауының жағдайы тұрақты, қайта сараптама жасау үшін сынама алынды. Тиісті нәтижелер шыққан соң олар келесі аптада шығарылады деп күтілуде.  

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында түйнеме індетінің шығуы салдарынан облыстағы АШМ ветеринарлық бақылау құрылымдарының басшылары жазаланғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар