Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қарағанды облысы бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық санэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа кірді

Өткен тәулікте Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 669 жаңа жағдайы тіркелді, облыс бойынша репродуктивті көрсеткіш күрт өсіп, 2,856 құрады. Эпидемиологиялық ахуал нашарлауда.

«Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен соң 5 күннен кейін жүргізіледі, осылайша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметі.