Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа енді. Өткен тәулікте өңірде COVID-19 жұқтырудың 120 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді

Қарағанды облысының СЭБД баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан сарыға ауысқаннан кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

Қазақстанның «қызыл» аймағында үш өңір қалады: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар облысы.