Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қарағанды облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 75 жаңа жағдайы тіркелді, облыс бойынша репродуктивті сан бірден 1100-ді құрады.
Облыста карантин шектеулері күшейтілуі мүмкін.
«Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен соң 5 күннен кейін жүргізіледі, осылайша «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады», - деп хабарлады Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметі.