Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қарағанды облысында COVID-19 вирусын 124 адамның жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір бүгіннен бастап «сары» аймаққа өтті. Яғни өңірде карантин талаптары жеңілдейді. Бірақ тиісті қаулы «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысқаннан кейін жеті күн өтпейінше шығарылмайды.
16 ақпандағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 150 536 жағдайы тіркелген.
«100 мың тұрғынға шаққанда ауру жұқтыру көрсеткіші 10564,9-ды құрады. Оның ішінде симптомдары бар науқастар – 83,4%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 16,6%», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.