Қарағанды облысы су тасқынына дайындалып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қардың деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Қарағанды облысы су тасқынына дайындалып жатыр

«Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалының және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бойымен Қарқаралы, Шет және Бұқар жырау аудандарын аралап шықты.

ТЖД таратқан ақпаратқа сай Қарағанды облысы бойынша Калинина, Матақ, Бесоба, Қызылтау, Қамқор, Ақөре, Керней, Шешенқара, Аққұдық, Тоғызқұдық, Қушоқы, сондай-ақ «Жосалы» шипажайы мен «Өгізтау» қыстағының маңында қардың қалыңдығын өлшеу жұмыстары жүргізілді.
- Аралау жұмыстары 12 бақылау нүктелері бойынша өткізілді. Ол үшін ТЖД-нің «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігі пайдаланылды. Маршруттың жалпы ұзындығы 1350 шақырымды құрады. Өлшеу жұмыстары қардағы судың деңгейі қазір шекті бірліктен төмен екенін көрсетті, - дейді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.