Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері таңға дейін 200-ге жуық адамды құтқарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен түні Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары «Орталық» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерімен бірлесіп қар құрсауында қалған автокөліктерді шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қаңтар күні таңғы сағат 06.30-ға дейін «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1047-1073-ші шақырымында Теміртау қаласының маңында ТЖД және «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ұлттық гвардиясы қар құрсауында қалған автобус пен жеңіл автокөліктерден 187 адамды құтқарды, оның ішінде 40 бала болған. Адамдар Теміртау қаласының ҚарМИУ және №31 колледжінің жатақханасына орналастырылды. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді

Қазіргі уақытта жолда 20-дан астам жүк көлігі, 40 жеңіл көлік және 1 автобус тұр. Жүргізушілердің бір бөлігі эвакуациялаудан бас тартты. Оқиға орнында 4 вахта, «Трэкол» жол талғамайтын көлігі және 6 жол техникасы жұмыс істеп жатыр. Қатты боран мен екпінді желдің салдарынан жол көрінбей тұр.





Соңғы жаңалықтар