Қарағанды облысына аптап ыстық келе жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Синоптиктер 7 маусым күні күндіз Қарағанды облысында термометр бағаны 38 градусқа дейін көтерілетінін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысына аптап ыстық келе жатыр

«7 маусымда Қарағанды облысында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы 28-38 градус нөлден жоғары. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен еседі», - деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК Қарағанды облыстық филиалынан.

Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы тек 7 маусымда ғана болады. 8 маусымда ауа температурасы бірнеше градусқа төмендейді.