Қарағанды облысына қарасты кент тұрғындары екі апта сусыз қалған
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына қарасты Осакаровка кентінің тұрғындары магистральдағы коммуналдық апаттың салдарынан екі апта бойы ауыс сусыз қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Осакаровка кентінің әкімі Серік Әкімжановтың айтуына қарағанда, магистральдағы құбыр желісінде ауа кептелісі коммуналдық апатқа себепші болған.
«Ауа кептесілісін үрлеу арқылы тазартуға тура келді. Қазіргі уақытта су ауыл тұрғындарына жете бастады», - дейді кент әкімі.
Қызмет көрсетуші компанияның станциясындағы сорғы қалыпты жұмыс істеп тұрғандықтан, апаттық қызмет құбырдың қай жерде зақым келгенін екі апта бойы іздеген.
«80-ге жуық отбасы, яғни 200 адам сусыз қалды. Әр отбасыда балалар бар. Оларға күнделікті тамақ беріп, киімін жуу керек. Егер біздің қоңыраулар мен шағымдарға уақтылы маңыз бергенде, құбырдағы мәселе 1-2 тәулікте шешіліп кетер еді», - дейді Наталья Сәбитова.
Кент тұрғындары күнделікті шаруашылыққа және малды суару үшін қарды ерітулеріне тура келген. Ал ауыз суды сатып алып отырған.