Қарағанды облысынан 200 оқушы Myń bala олимпиадасының екінші турына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасының «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде биыл алғаш рет Myń bala республикалық ұлттық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Жоба еліміздің үздік мектептерінде білім алу үшін ауылдық жерлерден мыңдаған қабілетті 5–6 сынып оқушыларын жыл сайын анықтауға бағытталған.

Олимпиада ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» қоры.

21 тамызда Myń bala республикалық ұлттық олимпиадасының екінші облыстық кезеңі өтті. Қарағанды облысында бірінші турға 8 320 оқушы қатысты. Екінші турға 200 мектеп оқушысы өтті, оның 170-і сайысқа түсті.

Олимпиада Қарағанды қаласындағы НЗМ ХББ, Жезқазған қаласындағы №9 тірек мектебі, Жаңарқа ауданындағы Б.Амалбеков атындағы орта мектеп және Қарқаралы қаласындағы Балалар және жасөспірімдер орталығы базасында өтті.

Екінші турдың барлық қатысушылары El Úmiti дамытушы онлайн платформасындағы курстарды тегін оқи алады.

Myń bala олимпиадасының республикалық кезеңінің мыңдаған жеңімпаздарына дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар