Қарағанды облысында 1,6 мың адам COVID-19 вакцинасын алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында медицина қызметкерлерін, оның ішінде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек персоналын, сондай-ақ эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлерді вакцинациялау жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында 1,6 мың адам COVID-19 вакцинасын алды

Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациясымен 1600 адам қамтылды. 22 ақпаннан бастап тағы 80 адам «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) екінші дозасын алды.

«Облыста вакцинациядан кейінгі асқыну тіркелген жоқ. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин «Спутник V» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екінші компонентімен егілді. Вакцинаның екінші дозасын бірінші сияқты санитариялық дәрігер Медициналық-санитариялық алғашқы көмек базасында алды. Алгоритм бойынша бас дәрігер медициналық бақылауда 30 минут өткізді, оның айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер міндетті түрде тексереді. Егілетін адам жазбаша түрде профилактикалық егуге келісім береді немесе бас тартып қол қояды. Екі сатылы вакцинаның дозасын алу арасындағы аралық 21 күн.