Қарағанды облысында 125 мың теңге ұрлады деп күдік келтірілген 6-шы сынып оқушысы ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында қылмыстық полиция қызметкерлері 125 мың теңге ұрлады деп күдік келтірілген 6-шы сынып оқушысын ұстады,
деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақша қала тұрғындарының бірінің үйінен тамыздың 18-інде ұрланған. Ақшамен қоса, біраз дүние қолды болған. «Қарқаралы ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жақында осы қылмыстың бетін ашты. Ұсталған 6-ыншы сынып оқушысы кінәсін мойындап отыр. Ұрланған заттар мен ақша тәркіленді», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.