Қарағанды облысында 140-тан астам қару тәркіленді - «Қару» операциясы

ҚАРАҒАНДЫ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Қару» жедел-алдын алу шарасының үш күнінде қарудың 6000-нан астам жеке иелері тексеріліп, 141 қару бірлігі алынды,
None
None

аңшылық-балық аулау шаруашылықтарының аумағындағы 30 аңшы тексерілді, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

ІІБ-де тіркелмей, заңсыз сақталған 12 қару алынды. Аңшылық ережелерін бұзғаны үшін төрт тегіс оқпанды мылтық тәркіленді. 

Рұқсат беру жүйесі ережелерін бұзудың 146 фактісі анықталды, соның ішінде - иесінің мекен-жайды ауыстыруына байланысты қаруды қайта тіркеу, сондай-ақ сақтау және аңшылық ережелерін бұзу бар. 

Тіркелмеген қарудың 5 бірлігі және тіркелген 15 қару азаматтардың өз еркімен тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар