Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында табиғи өрт ошақтары жойылды. Дала өрттерін сөндіруге 1540 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты

Бір апта ішінде Қарағанды облысында күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты, соның салдарынан облыстың 5 ауданының аумағында: Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарында табиғи өрттер мен жанудың көптеген ошақтары тіркелді.

Мұның себебі облыстың барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы болды.

Өртті сөндіру 20 м/с дейінгі қатты екпінмен және кей аймақтарда таулы жерлер болғанымен қиындады.

«Жедел әрекеттердің арқасында барлық ошақтар жойылды.

Табиғи өрттерді жоюға барлығы 1540 адам және 461 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде: Қарағанды облысы ТЖД 307 адам және 73 бірлік техникасы, өртке қарсы ерікті құралымдар және жергілікті тұрғындар – 1100 адам 358 бірлік техника, 133 адам және 36 бірлік техника орманшылық ұйымдарының техникасы.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.