12:48, 05 Қараша 2017 | GMT +5
Қарағанды облысында 2 баланың анасы жоғалып кетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында із-түзсіз кеткен екі баланың анасы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлытау ауданы Жезді кентінің тұрғыны Юлия Токарева 30 қазан күні түнгі 11-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ажырасқан, бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Оны сыртта кім күтіп тұрғанын тергеу анықтап жатыр.
«Полицейлермен бірге біз де - еріктілер қозғалысының мүшелері де іздеп жатыр. Көмектесуге құлықты адамдар тобын құрып, жан-жақты қарап жатырмыз», - деп хабарлады іздеу қозғалысының еріктілері.
Оның үстінде ашық-қызғылт күртке, қошқыл түсті шалбар, өкшесі бар былғары етік болған.