Қарағанды облысында 2 полицей көлік апатынан қаза тапты
«7 желтоқсанда шамамен сағат 20:00-де «Қарағанды-Ботақора» тас жолында «ВАЗ-21102» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Фольксваген Пассат» көлігімен соғысқан. Апат салдарынан «ВАЗ-21102» жүргізушісі мен оның жолаушысы - Бұқар Жырау аудандық ІІБ қызметкері алынған жарақаттардан көз жұмды», - делінген хабарламада.
«Фольксваген-Пассат» жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала болжам бойынша, «ВАЗ-21102» жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, ол қарсы жолаққа шығып кеткен.
Ведомствоның баспасөз хабарламасында полицейлердің қызмет тапсырмасын орындау барысында болмағанын және форма кимегені жазылған.
«Жол көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.