Қарағанды облысында 200-ден астам адам мәслихаттарға депутат болып сайланады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісіне және түрлі деңгейдегі мәслихаттарға Қарағанды облысынан 214 депутат сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қарағанды облысының мәслихатына 18 округтен 36 депутат өтеді. Оның 18-і партиялық тізім бойынша және 18-і бір мандатты. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына азаматтар кандидаттарды тек бір мандатты округтерден таңдайтын болады. Бүгінгі таңда 13 қалалық және аудандық мәслихаттар бойынша 178 мажоритарлық округ анықталды.

Қарағанды облысынан Парламент Мәжілісіне депутаттарды бір мандатты тізім бойынша екі сайлау округінен таңдайтын болады:

№18 орталығы Қарағанды қаласында орналасқан Қарағанды, Бұқар Жырау шекараларында;

№19 орталығы Теміртау қаласында орналасқан Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск,

Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет шекараларында.

Облыс бойынша барлығы 198 аудандық комиссия құрылды. Сайлау учаскелерінің саны 654 болады. Оның 33-і жабық. Сайлау күні жұмысты 863 сайлау комиссиясы жүзеге асырады, оның құрамында 5 611 мүше болады.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нұркеновтың айтуынша, аудандық комиссиялардың құрамын тиісті мәслихаттар бекіткен. Олардың саны 975 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда сайлауға тіркелген барлық жеті саяси партия қатысатыны белгілі.

Олар:

- «Amanat» партиясы;

- «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

- Қазақстанның Халық партиясы,

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;

- «Байтақ» қазақстандық Жасылдар партиясы;

- Respublica партиясы.

Қазіргі сайлаудың ерекшелігі – ол аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Яғни, қазақстандықтар депутаттарды партиялық тізімдер бойынша ғана емес, қоғамдық ұйымдар немесе өзін-өзі ұсынушылар ұсынған бір мандатты округтерден нақты кандидаттарға дауыс бере алады.

Мәжіліс құрамы пропорционалды түрде келесідей болады: партиялардан депутаттардың 70 пайызы және бір мандатты округтерден 30 пайызы. Яғни, партиялық тізімдер бойынша 69 депутат және республикалық бір мандатты округтер бойынша 29 депутат.

Облыс мәслихаттарына сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша, 50-ден 50-ге дейінгі арақатынаста өтеді.

Сайлау 18 ақпанда басталады.


Соңғы жаңалықтар