Қарағанды облысында 2021 жылға дейін 32 көпқабатты тұрғын үй салынады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпрат - Қарағанды өңірінің билік өкілдері облыс орталығындағы орам аралық жолдарды жөндеп, жылжымалы медициналық бақылау бекеттерін құруды, мектептер мен ауруханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚарАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің берген тапсырмалары жайлы мәлімдеді.

Өңір басшысының айтуынша, тапсырмалар білім, денсаулық, ТКШ, сонымен қатар өңірдің экономикалық даму салаларына қатысты болды.

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіровке аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қарағандыдағы орам аралық және аулалардың арасындағы жолдарды жөндеуді тапсырды.

Бұған қоса, облыста Назарбаев зияткерлік мектептерінің стандарттары бойынша көптеген мектептерді жабдықтау керектігі айтылды. Бұл тапсырма білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиевке берілді. Сонымен қатар шалғайдағы аудандардың оқушыларын мектеп автобусымен қамтамасыз ету керектігі тілге тиек етілді.
null

Облыс аудандарында жылжымалы медициналық бақылау бекеттері пайда болуы тиіс. Ауруханалар мен емханаларда қазіргі заманғы жабдықтар орнату қажет. Бұл міндеттемені Ерлан Қошанов денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаевқа артты.

Билік тарапынан ерекше назар қарағандылықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға аударылмақ.

«Президент атап өткендей, мемлекеттің тиімділігі, бірінші кезекте, халықтың табыстары мен тұрмыстық жағдайымен тікелей байланысты және осы көрсеткіштер бойынша біздің де жұмысымыз бағаланады», - деді ол.

Ерлан Қошанов сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 32 мың жұмыс беруші 220 мыңнан аса жұмыскерлердің жалақысын көтергенін атап өтті. Ал коммуналдық қызмет тарифтері 5-11 % төмендеген. Облыс әкімі азық-түлік тауарлары мен коммуналдық қызмет бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар басым бағыттар қатарында азық-түлік өнімдерінің импорт алмастыруы мен аймақтағы инвестициялық жағдайды жақсарту болып қала береді. 2019 жылы өңірге 500 миллиард теңгеден астам инвестия жұмылдырылуы тиіс.
null

Биылғы жылы «7-20-25» бағдарламасын орындау шеңберінде облыстық бюджеттен тұрғын үй сертификаттарын қаржыландыруға бір миллиард теңге бөлінген. 2019- 2021 жылдары 32 көпқабатты тұрғын үйлер салынады деп жоспарлануда. Облыстағы студенттер үшін жалпы есептегенде 1500 орынға шақталған жатақханалар салынады. Бұл мақсатта жер телімдері бөлініп, жобалық сметалық құжаттар әзірленген.

Ерлан Қошанов қол астындағы қызметкерлерге аталмыш жоспарлардың орындалуын қадағалауды тапсырды.

null

Соңғы жаңалықтар