Қарағанды облысында 3,5 мыңнан астам адамның баспана мәселесі шешілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы негізгі қорларды инвестициялау 1,6 есе өскен.

Қарағанды облысында 3,5 мыңнан астам адамның баспана мәселесі шешілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы 11 ай ішінде экономикалық өсім 106,6% құрады. Негізгі қорларды инвестициялау 1,6 есе өсіп, 685 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 700 млрд теңгеге дейін өседі», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге өсіп, 372, 2 мың шаршы метр көлемінде үй салынды.

«Келесі жылы 630 шаршы метр үй салынбақ. Осы жылы облыстағы 3,5 мыңнан астам адамның баспана мәселесі шешілді. Оның ішінде 1008 адам »әлеуметтік кезекте« тұр», - дейді ол.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы 300 үйдің газ қосуға дайын екендігін айтты.

2021 жылға дейін 1 млн адам, 100 елді мекен немесе 68 000 үй, 700 кәсіпорын көгілдір отынмен қамтылады.