Қарағанды облысында 30 тамызда күн суытуы ықтимал - ауа райы болжамы

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - 30 тамызда Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен шығысында күн райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында 30 тамызда күн суытуы ықтимал  - ауа райы болжамы

Республика бойынша жекелеген жерлерде жел күшейіп, елдің батысында құмды дауыл болады. таңертең және түнде кей жерлерде тұман болып, жекелеген аудандарда күн суытады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында құмды дауыл болады.

Таңертең және түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады, Қарағанды облыстында 0 градусқа дейін күн суытуы ықтимал.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында төтенше жоғары өрт қауіп сақталады.

Алдағы 2 тәулікте Батыс Алтайдың жекелеген аудандарында жаңбырға байланысты су деңгейінің артуы байқалады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.