Қарағанды облысында 360 гектар аумақты қамтыған дала өрті сөндірілді

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 360 гектар аумақты қамтыған дала өрті сөндірілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында 360 гектар аумақты қамтыған дала өрті сөндірілді

Ведомсвто мәліметтеріне сәйкес, өрт кеше сағат 15:40-та Жаңаарқа ауданына қарасты Қараағаш елді мекенінде орын алған. Қызыл жалын түн ортасында ауыздықталды.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 6 маман мен 1 техникасының, сонымен қатар Қараағаш ауылдық округінің 20 адамы мен 4 техникасының күшімен ауыздықталды.

ТЖМ-нің атап өтуінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.