Қарағанды облысында 500 тоннадан астам құрғақ шөп пен пішен өртеніп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қарағаш ауылдық округінде ірі өрт шықты. Тілсіз жаудың салдарынан 560 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында 500 тоннадан астам құрғақ шөп пен пішен өртеніп кетті

21 шілдеде Жаңаарқа ауданындағы Қараағаш ауылдық округінде 1185 га алқапта 560 тонна жиналған пішен мен құрғақ шөп жанып кетті. Өрт шаруа қожалығы жұмыскерлерінің күшімен сөндірілді.

Тұтану алдын ала болжам бойынша, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, техниканы ұшқын сөндіргішсіз қолданудың салдарынан болуы мүмкін.

Егін жинау және жем-шөп дайындау кезеңінде болатын өрттердің 80%-ы адамның кінәсінен туындайды. От жағу кезінде қауіпсіздің ережесін сақтамау, темекінің тұқылын тастау, балалардың сіріңкемен ойнауы, ауыл шаруашылығы техникасының және көліктің ұшқын сөндіргіштерінен шыққан ақау, құрғақ кезде түскен найзағайлар өрттің шығуына себеп болады.

Өрттің алдын-алу үшін өрт қауіпсіздігі режимі мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.