Қарағанды облысында 52 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық құтқарушылар қар құрсауынан 52 адамды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында 52 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

22-23 қаңтар аралығында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмысына 2 рет шықққан.

Оның барысында қар құрсауынан 52 адам құтқарылды.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бәрін қауіпсіз жерге эвакуациялады.

22 наурыз күні сағат 14.30-да Қарқаралы ауданында «Қарағанды – Аягөз-Бұғаз» автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған «Тоyоtа Carina « автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді.

Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

22 наурыз түнгі 22.10 шамасында Ақтоғай ауданында «Ақой-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 160-шақырымында Қарағанды облысы ТЖД күшімен және «Берер» ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды.

Салонда 48 адам болды. Оның ішінде 7 бала бар. Олар медициналық көмектен бас тартты.

Қарағанды облысының аумағында ауа райы бұзылды. Облыстың басым бөлігінде боран соғып тұр.

Құтқарушылар ауа райы нашарлаған кезде елді мекеннен тыс жерге жаяу және көлікпен жолға шықпауды ұсынады.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.