Қарағанды облысында 55 мектепке үштілділік енгізілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы 55 мектепте үштілділікті енгізу бойынша сынамалы жоба іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұл мектептерде жаратылыстану-математика бағыты бойынша ағылшын тілінде білім беріліп жатыр. Ustaz кәсіби дамыту орталығы мамандарының педагогтар үшін білім беру семинарларын өткізіп жатқандығын Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.

Оқу-әдістемелік дамыту орталығы директорының орынбасары Бақытгүл Әбдікерова атап өткендей, аймақтағы үштілді оқытуды сапалы жүргізу мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ-ның ресурстары мен мүмкіндіктері пайдаланылуда, олардың өкілдері соңғы екі жылда мұғалімдерге арналған тренингтер өткізуде.

«2017 жылы облыста үштілділікті жүргізіп жатқан мектептер саны 55-ке жетті, - деп атап өтті Бақытгүл Әбдікерова. - Олардың ішінде он мектеп 2017-2018 оқу жылынан бастап физика, биология, химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытып жатыр. Бұл мұғалімдер жалақыға қосымша ақы алатын болады».

 

Соңғы жаңалықтар