Қарағанды облысында 58 мыңнан астам мектеп оқушысы штаттық режимде білім алатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында осы жылы мектепте 58 мың бастауыш сынып оқушысы, олардың ішінде бірінші сынып оқушыларынан 21,5 мың оқушы білім алады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында 58 мыңнан астам мектеп оқушысы штаттық режимде білім алатын болды

Жаңа оқу жылы пандемияға байланысты мектеп оқушыларының көпшілігі үшін қашықтықтан басталғаны баршаңызға мәлім. Штат режимінде шағын жинақты ауыл мектептері ғана жұмыс істейді, онда 17 288 адам оқиды.

Дәстүрлі сынып сағаты оқыту түріне байланысты онлайн және мектептерде тікелей өтті. Тақырыптары ҚР Конституцияның 25 жылдығына, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.

Қашықтықтан оқыту SDOT «Білімал», Daryn.online.kz және Edupage сияқты интерактивті платформалар арқылы өтеді.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мектептердің жаңа реалийге қалай дайындалып жатқанымен танысты. Өңір басшысы №103 мектеп-лицейде болып қайтты.

- Барлық мектептер оқыту форматына байланысты санитариялық құралдармен қамтамасыз етілген. Бүгінде оқулықтарды тиеу және жеткізу толығымен аяқталды. Әлеуметтік осал отбасылардың оқушылары роутерлермен және модемдермен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге бюджеттік қаражаттар есебінен мұқтаж адамдарға баланс толтырылды. Оқулықтар беру бойынша жұмыстар аяқталуда, - деп Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова баяндады.

Оның айтуынша, мектептер ерекше білім қажеттіліктерімен балаларды оқыту үшін дайын.

Жеңіс Қасымбекке колледждерде оқудың қалай өтетінін баяндады.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып оқу процесі аралас режимде ұйымдастырылған. Штат режимінде 8 ауыл колледждері оқуын бастады, онда студенттер саны 200 адамнан аспайды. Қалған колледждер оқыту қашықтық форматында өтеді.

Интернетке қолжетімділігі жоқ 1 350 студенттер үшін бөлмеде бір адам болу талабымен – жатақханада тұрып қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды. Оларға тамақ асханадан шығарылып қамтамасыз етіледі.

Облыста 69 колледж жұмыс істейді. Осы оқу жылында барлығы 39 751 студент оқиды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мектеп оқушыларының және студенттерінің сапалы оқуын қамтамасыз етуді талап етті.

- Жаңа оқу жылы дәстүрлі емес форматта басталады. Бұл барлығы үшін қиынырақ болады. Қала және аудан әкімдеріне Білім басқармасымен бірлесіп жұмысты күшейту қажет. Санитариялық талаптарды сақтауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алу керек, - деп атап өтті.