09:34, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қарағанды облысында 8 пәтерлі тұрғын үй жанып кетті, бір бала көз жұмды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні, сағат 15.18-де Қарағанды облысы Балқаш қаласының Қоңырат кентінде екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт толығымен 5 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жау барлық 8 пәтерді шарпыды, тұрғындар уақытша туыстары мен таныстарына орналастырылды.
Жалынды ауыздықтауға Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 26 адамы мен 6 техникасы, ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ Қарағанды филиалының 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Өрт орнында 6 жастағы баланың мәйіті табылды, 2 адам ауруханаға жеткізілді.