Қарағанды облысында 80 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінде жүр - облыс басшысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының билік жүйесінде 83 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінде жүр. Бұл туралы аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

Қарағанды облысында 80 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінде жүр - облыс басшысы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты мемлекеттік аппаратты кешенді жаңғырту мақсатын көздейді. Бұл міндетті орындау үшін өткен жылдың соңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң да қабылданды. Осылайша, мемлекеттік қызметке келудің реті де өзгерді. Мемлекеттік қызметке енді келген азамат ең төменгі лауазымға тағайындалады. 2016 жылдың басынан бері облыс бойынша 12 кіші-гірім лауазымға конкурс жариялаған болатын. Қазір 83 мемлекеттік қызметкер сынақ мерзімінде жүр», - дейді облыс басшысы.

Әкімнің хабарлауынша, ішкі конкурстар 57 бос қызметке жарияланған. Қазір 51 бос орынның конкурсы аяқталды, 35 адам тиісті қызметке тағайындалды. Н.Әбдібеков ерекше атап өткендей, ішкі конкурстардың барлығын бақылаушылар қадағалаған.

«Ал, заңнама бойынша білімдерін тексеретін тестке 684 мемлекеттік қызметкер қатысып, оның ішінде 318 адам тесті ойдағыдай тапсырды. 397 адам жеке басының  жақсы қасиеттерін танытты. Қарағанды облысы «Б» корпусының қызметіне баға берген республикадағы алғашқы өңірлердің бірі», - деп толықтырды аймақ басшысы.