Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында биылғы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады, деп хабарлайды облыс басшысының ресми сайты.

Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлық-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлім етті.

«Қарағандыда 80-90 мың адам тіркелген ірі емxаналар көп. Олардың жүктемесін азайту және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, биылғы жылы екі емxана ашылған болатын. Ол №8 емxана және «Мирас» клиникасы. Бұл мекемелерге 30 мыңнан астам адам тіркелді.

МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда. 2019 жылы тағы да қосымша 9 отбасылық денсаулық орталығын ашу жоспарланып отыр. Олардың екеуі наурызда Майқұдықта. төртеуі Қарағандының тұрғындар ең көп шоғырланған және небәрі екі емxанасы ғана бар ауданы - Оңтүстік шығыста орналасатын болады.

Сондай-ақ Теміртауда да емxана құрылысы басталады. Тағы бір орталық Жезқазған қаласында ашылмақ.