Қарағанды облысында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер аттестаттаудан өткізілді
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қараша айында Қарағанды облысы Әділет департаменті адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестаттаудан өткізді.
Аталған департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, 67 шақырылған үміткерлердін ішінен, аттестаттауға 30 үміткер қатысып, 37 қатыспады, олардың iшiнен 2-і өтiнiштерінде көрcетiлген орынды себептерімен, 33-і белгiсiз себептермен қатыспады, 2 үміткер құжаттарын қайтарып алды. Аттестаттауға қатысқан 30 үміткердің ішінен 10-ы аттестатталды, ал аттестатталмағаны 20 үміткер.
Сонымен қатар, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына да аттестаттау өткізілді. 52 шақырылған үміткерлердін ішінен, аттестаттауға 22 үміткер қатысып, 30 қатыспады, олардың iшiнен 4-і өтiнiштерінде көрcетiлген орынды себептерімен, 24-і белгiсiз себептермен қатыспады, 2 үміткер құжаттарын қайтарып алды. Аттестаттауға қатысқан 22 үміткердің ішінен 11 -і аттестатталып, қалғаны аттестатталмады.