Қарағанды облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 7 жоба іске асырылуда
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс XII съезінде жасаған баяндамасында көрсетілген барлық жеті басым бағыт бойынша жобалар Қарағанды облысында бар.
Бұл жөнінде облыс әкімі Нұрлан Нығматулин съезде алға қойылған міндеттерді талқылауға арналған кеңейтілген актив кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мысалы, аймақтан «ҚазАгро» ұлттық холдингіне жалпы құны 13 млрд. теңге болатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 16 жоба ұсынылды. Бұлар Қарағандыдағы жылыжай кешені мен шұжық және еттен жасалған бұйымдарды өндіру цехы. Мұндай цех Осакаровкада бар және Бұқар жырау ауданында және т.б. жерлерде өсімдік майын өндіретін цехтар жұмыс істейді», ? деді әкім.Құрылыс өндірісіне қатысты, аймақ басшысының айтуынша, тек өткен жылдың өзінде ғана облыста құрылыс материалдарын шығаратын 10 жаңа кәсіпорын ашылды. Таяу күндері «Қарағандыцемент» кәсіпорнында құрғақ тәсілмен цемент өндіретін заманауи технологиялық желілер енгізілмекші. Тағы бір желі 2010 жылы іске қосылады, бұл цемент өндіруді жылына 3 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Тиісінше, осы өнімге деген импортқа тәуелділік азаяды», ? деді Н.Нығматулин.