Қарағанды облысында алғаш рет электронды қылмыстық іс қаралды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы «Электронды қылмыстық іс» республикалық пилоттық жобаны жүзеге асыруға қосылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты. 
None
None

Алғашқы электронды форматтағы қылмыстық істі Жезқазған қалалық соты қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру  (ҚР ҚК 189-бап, 2-бөлік, 3-тармақ) мемлекеттік қызметкерге қатысты қарастырды. Қылмыстық істің материалдары бойынша ветеринария бөлімінің бас есепшісі өзіне сыйақылар тағайындап, мемлекетке 373 мың теңге көлемінде шығын келтірген. 

Кінәсін мойындағаны және шығынды өтегенін ескеріп, сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. 
«Қылмыстық сот істерін жүргізуге ақпараттық технологияларды енгізу оның ашықтығына септігін тигізеді. Тергеу және нәтижелер алу мерзімі анағұрлым қысқарады. Бағдарлама сондай-ақ қылмыстық процесті жеңілдетеді және сапалы етеді, қағаз, құжат алмасуға кететін шығындарды оңтайландырады», - деп атап өтті қалалық сотта. 

«Электронды қылмыстық іс» жобасы процестің барлық кезеңдерін: қылмысты тіркеуден бастап, жазаны атқаруға дейін қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар