Қарағанды облысында алғаш рет қант жүгерісін жинап жатыр

- Бұл дақыл өсімдік және мал өсірумен айналысатын біздікіндей ірі шаруа қожалықтары үшін тиімді. Қант жүгерісі жем ретінде кеңінен қолданылады. Одан сүрлем мен құрғақ шөп өндіреді. Қант жүгерісін біз ставропольдік АШ ҒЗИ ғалымдарының кеңесімен отырғыздық және де ол шешіміміз үшін еш өкінбейміз. Өнімділік жақсы болады, - дейді «Шанс» шаруа қожалығының басшысы Игорь Жабяк.
Қазіргі таңда жаңа дақылды жинау науқаны басталды.
Шаруашылықта бүгінгі күні жемазық зауыты мен 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысында төрт ауданда жайылымдар бойынша арнайы бағдарлама құрылған. Бұл ретте ғалымдар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сортаңдалған жерге келетін көп жылдық шөптердің тұқымдарын пайдалануды ұсынып отыр.
Айта кетсек, қант жүгерісі - көпсалалы дәнді-дақыл, жем, азық өнімдерін және био отын дайындауда пайдаланылуы мүмкін. Бір гектар егістіктен 220-250 ц сабақша биомассасын және 25-50 ц, кейде тіпті 100 ц дақыл жинауға болады. Бұл дәнді-дақыл сабақшаларында қанттың құрамы жоғары болғандықтан осылай аталған.