Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбор күрежолында 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбор» автожолында құтқару жұмыстары өтуде, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

«Алматы-Екатеринбор» автожолының «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» учаскесінде күрделі метеорологиялық жағдайларға байланысты (бұрқасын, күшті жел, көктайғақ) Қарағанды және Алматы бағытында жол тартқан жүк және жеңіл көліктер және жолаушылар автокөліктері көптеп жиналып қалды. Қазіргі кезде облыс ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің күштерімен жолдарды тазалау және адамдарды қар құрсауынан шығару жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бұл жұмыстарға 70-тен астам адам және 100-ге тарта техника тартылған.

«Техника жиналып қалған жерде Қарағанды әкімдігі қар құрсауында қалған адамдарға тамақ ұйымдастырды. Қазіргі кезде 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 100 бірлік техника қар құрсауынан босатылды», - деп атап өтілген хабарламада.

Балқаштан Қарағандыға қарай көліктің барлық түрлері үшін жол ашылды.

«Ауа райының нашарлауына, көрінімнің нашар болуына, бұрқасынға, күшті қар жаууына байланысты Қарағанды облысында негізгі бағыттардағы жолдарда автокөлік қозғалысына шектеу қойылды", деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар