Қарағанды облысында алматылық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында алматылық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды.

Қарағанды  облысында алматылық  кәсіпкерді  өлтірді  деген күдіктілер ұсталды

Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокуратураның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жексенбі, ақпанның 14-і күні үш күдікті ұсталды, тағы біреуіне іздеу жарияланды. Қарқаралы ауданының тұрғындары болып табылатын олар Қарағандыда май құю стансасында жұмыс істеген. Ұсталғандар кінәларын мойындап отыр, деп атап көрсетті облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан жұмыспен келген кәсіпкердің өлі денесі ол жалға алынған пәтерден табылған болатын. Марқұм кәсіпкердің «Инфинити» жолсызбен жүретін көлігіне іздеу жарияланды. Полицияның ақпараты бойынша, көлік Қарқаралы ауданының аумағынан табылған.