Қарағанды облысында алты күн және жел стансасы салынады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бірқатар қалаларында күн және жел энергиясымен жұмыс істейтін алты стансасы іске қосылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қарағанды облысында жаңартылған және баламалы энергетиканы дамыту стратегиясы әзірленді. Облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа хабарлағандай, облыстық мәслихат сессиясында алты станса 2020 жылға дейін салынады.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес Мемлекет басшысы жаңартылған және баламалы энергетиканы дамытуды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде белгіледі. 2020 жылға дейін баламалы энергия көздерін пайдалану үлесі энергия тұтынудың жалпы көлемінен үш пайызға асуы тиіс.
«Алты стансаның үшеуінің күн қуаты 40-тан 100 Мвт болады. Олар Саран, Ақтоғай, Шет аудандарына салынады. Сондай-ақ қуаты 10 және 60 МВт жел электр стансасы Қарқаралы ауданында, Осакаровка кентінде салынады деп жоспарлануда. Ал Абай ауданы Курминский ауылында биогаз қондырғысынан энергия өндіреді», - деп хабарлады Анатолий Шкарупа.