Қарағанды облысында аң аулаудың күзгі-қысқы маусымы ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бірінші қыркүйектен бастап Қарағанды облысында аң аулаудың күзгі-қысқы маусымы басталды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
Жалпы ол ақпанның ортасына дейін жалғасады, алайда, белгілі-бір жануарлар түрлері үшін мерзімдер әртүрлі болуы мүмкін.
Маусым ресми түрде ашылғанына қарамастан, аңшыларға бұрынғыдай сәйкесінше құжаттар алу керек: аңшы куәлігі, жануарлар әлемін пайдалануға арналған рұқсаттама, аңшылық шаруашылық субъектісінің жолдамасы. Оқ қару қолданылатын аңшылық барысында жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оқ дәрілерін сақтауға және ұстауға, сақтауға рұқсат қағазы. Ал ақшы құстармен аңға шыққанда құстың төлқұжаты болуы тиіс.
Егер бұл құжаттар болмаса, аңшылықты браконьерлік деп танылуы мүмкін.
Айта кетер жайт, түрлі жануарларға аңға шығу мерзімдері еліміздегі ережелермен реттелген.