Қарағанды облысында археологтар қола дәуірінің бұйымдарын тапты
Қарағанды облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер аясында Орталық Қазақстанның көне металлургиясының ескерткіштерінде археологиялық-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
«Археологиялық қазбалар барысында көне қоныс орындарында қоладан жасалған жебенің ұштары, тастан жасалған найза ұштары, тас ұсақтағыштар, түйреуіштер, керамика қалдықтары мен қыш ыдыстар табылды»,- деді Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев.
Сондай-ақ, Е. Ағымбаев облыс бойынша алдағы уақытта жүргізілетін зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
«2018 жылы Қарағанды облысында археологиялық жұмыстар жалғасыен табады. Биыл аудандарда орналасқан көптеген киелі жердерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Мысалы, Ақтоғай ауданындағы Айнан, Оспан мазарлары, Ұлытау ауданында Жәнібек пен Талдысай қорымы зерттеледі», - деді басқарма басшысы.