Қарағанды облысында әскерден қашқан екі сарбаз табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен сарбаздар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, Қарағанды облысында әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаздар табылған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жүрген жері белгілі болды.
Қазіргі уақытта әскери қызметшілер ұсталды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткені хабарланған еді.
Қолдарында қару болмаған.
Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.