Қарағанды облысында әскери бөлім сарбазы әйелді тонап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, атқыштар взводының сарбазы әйелді тонағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды гарнизонының әскери сотында хабарлағандай, 24 жастағы қатардағы сарбаз көшеде әйелді тонап кеткен.

Ол жәбірленуші әйелге 91 мың 400 теңге шығын әкелген. Қылмыс орнынан қашып кеткен сарбаз сөмкедегі ұялы телефонды Қарағандыдағы ЦУМ-да сатқан. Сөмкені қоқыс жәшігіне лақтырған.

Полицейлер оны ұстады. Ұры әскери қызметші болғандықтан, қылмыстық іс әскери-тергеу басқармасына берілді.

«Судья Есен Жұмабековтың төрағалық етуімен Қарағанды гарнизонының әскери соты жаза тағайындаған кезде оның жасы мен қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғандығын ескерді. Алайда әскердің антты бұзуы жазаны қатаңдататын жауапкершілікке жатады. Сот оны екі жылға соттады».

Сөмкесінен айырылған балалар ауруханасының дәрігерінің пайдасына сот 100 мың теңге моральдық шығынды өтеуді қаулы етті. Сондай-ақ сотталушы 33 мың 900 теңге материалдық шығынның өтемақысын төлеуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар
telegram