Қарағанды облысында атыс құралы жарақатынан сарбаз қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында атыс құралы салдарынан жарақаттанған бір сарбаз қаза тапты. Қазіргі кезде оның өлімінің жағдайлары тергеу алдындағы тексеріс барысында анықталуда.

Қарағанды облысында атыс құралы жарақатынан сарбаз қаза тапты

Бұл туралы орталық аймақтың әскери прокуратурасынан хабарлады.

«19 жасар әскери қызметкер колониялардың біріндегі кезекшілікті атқару кезінде Калашников автоматынан басына оқ атты. Оқиға 12 тамызда орын алған. Сарбаз Абай қаласының ауруханасына жеткізілді. Бүгін түнде көз жұмды», - деді әскери прокуратурадан.

Алдын ала нұсқа бойынша, әскерге Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха кентінен шақырылған 19 жастағы сарбаз өзін-өзі атып өлтірген. «Оның өлімінің алдында «Мені кешіріңдер» деп жазылған хаты табылды. Әскери қызметкерді өзін-өзі өлтіруге не себеп болғаны тергеу алдындағы тексеріс барысында анықталуда», - деп түсіндірді әскери прокуратурадан.