Қарағанды облысында ауа райы күрт суытады
ҚАРАҒАНДЫ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі департаменті ауа қысымының күрт төмендеп кетуіне байланысты ауа райының күрт суытатыны туралы ескерту жасады.
«Қазгидромет» РМК қарағандылық гидрометеорология орталығының хабарлауынша, облыс аумағында 2011 жылдың 18-19 ақпанында түнде ауа қысымы 17-22 градус аязға дейін төмендейді, облыстың батысында 25-30 градус аяз, 19 ақпанда түнде 30-35 градус аяз болады деп күтілуде», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Осыған орай тұрғындарға барлық сақтық шараларын қолданып, ауа райының құбылуларын бағдарлап, мүмкіндігінше алыс жолға шықпау туралы кеңестер берілуде.