Қарағанды облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында  ауа райына бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РММ.

Қарағанды облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 17-18 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде (облыстың солтүстік және орталық аудандарында) -5 градусқа дейін күн суытады деп болжап отыр.

 «Күннің суытуына байланысты тұрғындардың ауа райы болжамдарына үнемі назар аударуларын, балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Бұдан басқа, түнде және ауа райы бұзылған кезде сапарға шығудан бас тартуға ұсыныс жасалады», - делінген «Қазгидромет» РММ таратқан хабарламада.