Қарағанды облысында аула аумақтарын су басу қаупі туралы 82 хабарлама түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда Қарағанды облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. ТЖД жедел штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 82 хабарлама келіп түсті, оның 68-і бақылаудан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында аула аумақтарын су басу қаупі туралы 82 хабарлама түсті

Барлық жағдайларға қатысты суды бұру бойынша шаралар қабылданды. Барлығы 80 534 текше метр еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 1735 метр арықтарға тазарту жүргізілді, 670 дана қап төселді, 120 метр уақытша үйінділер себілді.

Келесідей күштер мен құралдар жұмылдырылды:

– ТЖД – 209 қызметкер, 82 бірлік техника, 13 мотопомпа;

- №52289 ӘБ – 30 әскери қызметші, 1 бірлік техника;

- ЖАО – 155 қызметкер, 74 бірлік техника;

- ЖПҚ – 5 қызметкер, 2 бірлік техника;

- коммуналдық қызметтер – 240 адам, 68 бірлік техника.

Елді мекендерді су басу тіркелген жоқ.

Өткен тәулікте, 4 сәуірде Қарағанды облысының аумағында қарқынды қар еру және еріген қар суының түсуі нәтижесінде Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарындағы автожолдардың екі учаскесінде еріген қар суының құйылу фактілері тіркелді.

Бұқар Жырау ауданында су тасқыны қысқа мерзімді сипатта болды.

Су басқан жерлерде ескерту белгілері орнатылып, жол қызметтерінің, жергілікті полиция қызметінің және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Бұл учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс сағат 07:00-ден бастап ашық.

Жол төсемі арқылы су тасқыны тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал Қарқаралы ауданында Қоянды ауылынан 12 шақырым жерде, Қоянды – Егіндібұлақ – Бүркітті облыстық маңызы бар автожолының 67 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр.

Облыстың барлық аудандарында 21 785 адам тұратын 158 су тасқыны қаупі бар елді мекендерде 4474 тұрғын үй мен аула аумақтары бақылауға алынды.

Су басқан және шайылған автомобиль жолдары мен темір жолдар тіркелген жоқ.

Қазгидрометтің күн сайын беретін мәліметтеріне сәйкес, облыс өзендерінің деңгейі қауіпті межеден артқан жоқ.

«Ірі су қоймаларынан төгінділер жалғасуда: Самарқандтан – 100 куб. м/с ағыны кезінде 20 куб. м/с көлемінде; Ынтымақтан – 8 куб. м/с ағыны кезінде 80 куб. м/с. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағызулар жүргізілмейді, ағыны 77 куб. м/с құрайды.

Космомониторинг деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының әлі де 20–25%-ы қар астында қалып отыр. Қарағанды облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.