Қарағанды облысында аулаларды су басу қаупі туралы 35 хабарлама түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 2 сәуір, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, аула аумақтарын су басу қаупі туралы 35 хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында аулаларды су басу қаупі туралы 35 хабарлама түсті

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штаб бақылауында. Штабқа аула аумақтарын су басу қаупі туралы 35 хабарлама түскен (Қарағанды – 19, Теміртау – 1, Ақтау – 1, Саран – 1, Шахтинск – 1, Бұқар Жырау ауданы-7, Осакаров ауданы-1, Абай ауданы – 1, Қарқаралы ауданы – 3).


Барлық жағдайлар бойынша суды шығару шаралары қабылданды (қаптар төсеу, нөсер суына арналған арналарды тазарту және тағы басқасы).

Ірі су қоймаларынан судың келуі жалғасуда: Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұра су қоймалары.

Барлық су қоймаларында бос көлемдер жеткілікті.

«2022 жылғы 2-6 сәуір аралығында жоғары ауа температурасы сақталатыны және одан әрі жоғарылайтыны туралы болжамға сәйкес, өзен бассейндерінде қардың қарқынды еруі, еріген судан ағынның күшеюі, мұздың еруі және су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Өңір тұрғындарынан суды шығару бойынша шаралар қабылдауды және қауіпсіздікті сақтауды сұраймыз», - деп ескертті Қарағанды облыстық ТЖД.