Қарағанды облысында «Ауыл» партиясы ауыл әкімдерінің сайлауына өз кандидаттарын ұсынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша 201 ауылдық округ болса, оның 75-де әкім сайланады. Осы округтарға қарасты 149 елді мекенде 81 мыңнан астам сайлаушы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында «Ауыл» партиясы ауыл әкімдерінің сайлауына өз кандидаттарын ұсынды

Бұл сайлау саясатты өз шеберліктерін көрсеткісі келетіндерге мүмкіндік береді. Осындай белсенді азаматтар қатарынан кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға да берілді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өңірлік филиалы трапынан 5 кандидат ұсынылды.

Әкімдер лауазымына үміткерлердің орташа жасы – 40. Қазір олар шаруа қожалықтарын, қоғамдық және спорттық ұйымдарды басқарады. Олар кезектен тыс конференцияда партия өкілдері мен делегаттар алдында таныстырылып, өздерінің қысқа бағдарламаларын жариялады. Конференцияда ауылды дамытудың тиімді тетіктері туралы мәселелер талқыланды. Филиалда жағдай мұқият талдаудан өтіп, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу әлеуеті бар ауылдық округтерде ғана кандидаттар ұсынғанын айтады. Жалпы саяси платформадан басқа әрбір үміткер нақты ауылды дамытудың жеке бағдарламаларын дайындайды.

«Ауыл әкімдеріне деген сенім зор. Біз бұл азаматтар сенімімізді ақтайды деп ойлаймыз. Ауылдастарымызға, ауылдастарымыздың өміріне, жалпы ауыл проблемаларына қатысты өзекті мәселелер көтеріледі. Бұл жолдарды жөндеу де, ауыз сумен қамтамасыз ету де, әрине, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту және жалпы ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізу», - деп атап өтті «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚОФ төрағасы Серғазы Әдекенов.