Қарағанды облысында ауыл тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 тал отырғызды
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 боз арша. Ұлытау ауданында күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Ұлытау ауданы Ақтас ауылының тұрғындары 30 боз арша отырғызды. Әрбір өмірлік ағашқа (боз аршаны кейде осылай атайды) ауыл тұрғындары еліміздің жетістіктеріне байланысты есім бергісі келеді.
«Тұрғындар тал отырғызуға белсенді қатысты. Мұның бәрі біздің ауылды абаттандыру үшін жасалады. Игі істер одан әрі жалғасады», – деді Ақтас әкімі Дулат Сүлейменов.
Ал ауыл тұрғындарының өздері осындай акцияларға қатыса отырып, ең алдымен өз балалары мен немерелеріне жақсы үлгі көрсетіп, туған жеріне деген сүйіспеншілікті оятады деп санайды.

