Қарағанды облысында бағаның негізсіз өсуін хабарлайтын қауырт желі жұмыс істейді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда ірі супермаркеттер мен базарлардағы азық-түлік бағасы бұрынғы деңгейде тұр. Қант бағасы ғана сәл өскен. Бұл Беларусьтегі өндіруші зауытта өнімнің қымбаттауына байланысты. Ол жайлы Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Соған қарамастан, жақын арада қант бағасының айтарлықтай артуы болмайды. Облыстық тұрақтандыру қорында 200 тонна қант бар, ол қажет болған жағдайда әлеуметтік павильондар мен супермаркеттерге жеткізілетін болады.

«Баға мониторингі және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің дүкен сөрелеріндегі бағасы сайын бақылауда ұсталып отыр. Бірінші кезекте облыс халқының 80%-ын қамтитын ірі бөлшек сауда желілері назарда. Қазіргі уақытта өңір тұрғындары орташа нормадан үш есе артық басты азық-түлікті сатып алуына байланысты, тауарды бөлшек сауда желісіне қаптауға қатысты және логистикаға байланысты аздаған кідірістер болуы мүмкін», - деп атап өтті Татьяна Аблаева.

Қарағанды өңірінің тұрғындары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жоқтығына және бағаның негізсіз өсуіне қатысты мәлімдемелер жайлы қауырт желі арқылы шағымдануға болады. (8 -7212) 50 -76 -39 және (8 -7212) 42 - 12 -13.

Соңғы жаңалықтар