Қарағанды облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталғаннан бері 500-ге жуық өтініш қабылданды. Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Әубәкіров Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалының жаңа офисі ашылу барысында хабарлады.

Қарағанды облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді

Банкирлер қала орталығына Бұқар жырау даңғылы, 57/1 мекен-жайы бойынша кең мекемеге көшті. Енді клиенттерге банкке жету әлдақайда ыңғалы болады. Кеңселер де заманауи талаптарға жауап береді. Мұнда тіпті балалар ойын алаңы бар.

Банктің жаңа кеңсесінің ашылу салтанатында қаржы үйінің қызметкерлері ғимарат алдында киіз үй құрып, барлығы бірігіп шаңырақ көтерді. Қарағанды облысында тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 95 мыңнан астам салымшысы бар. Жақын арада мерейтойлық жұз мыңыншы клиент келеді деп күтілуде.

Тұрғын үй жинақ банкі құралдарының көмегімен 8000 қарағандылық отбасы қоныс тойын тойлады, тек осы жылы – 1500 жанұя баспаналы болды. Банк Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысқаны және барлық мәселелерді жедел шешкені үшін Қарағанды қаласының басшылығына алғысын білдірді.


Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Бақытты отбасы» жаңа бағдарламасы табысы төмен көп балалы және толық емес отбасыларға жеке тұрғын үй алу арманын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Оған мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар да қатыса алады. Қарыздар жылдық 2% мөлшерлеремесі бойынша, 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

- Бүгінгі күні қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде өсуде. Қалада «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды және төрт күн ішінде 486 өтініш қабылданды. Ал бізде осы санат бойынша үй ала алатын 4410 отбасы кезекте тұр. Бұл бағытта әлі де қарқын ұлғаяды. Менің ойымша, қарағандылықтар осы бағдарламаның барлық артықшылықтарын көріп, өз баспанасы туралы арманын жүзеге асыра алатын болады, - деді Нұрлан Әубәкіров.

Облыста жаңа бағдарлама бойынша алғашқы несие берілді.

- Біз ауылдан қалаға көшеміз. Біз қарапайым отбасымыз. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін, ал жұбайым азаматтық қызметші. Үш баламыз бар. Мүмкіндігі шектеулі қызымызды тәрбиелеп отырмыз. Төрт жыл бұрын оған тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот аштық. Ол 18 жасқа келгенде үй сатып ала алады деп ойлаған едім. Бірақ арманымыз әлдеқайда ертерек орындалды. Енді жалдамалы пәтердің орнына өзіміздің жеке пәтеріміз бар, жақын күндері облыс орталығында жаңа қоныс тойын тойлаймыз, - деді Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Әсел Әбішева.

Сәтпаев қаласында тұрған көп балалы ана Самал Жанатқызы Рамазан салтанатты шараға келе алмады, алайда құттықтау лебіздерін білдіріп дыбыс хабарламасын жіберген екен.

- Біздің бер баламыз бар, ата-анаммен бірге тұрамыз. Өз пәтеріміз туралы көптен бері армандаған едік. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасына кіру үшін құжаттар дайындап, жақында төрт бөлмелі пәтер сатып алдық. Енді барлық балаларға болашақта әрқайсысында өз баспанасы болуы үшін отбасылық депозиттер ашамыз, , - деді бағдарлама қатысушысы қуанышымен бөлісе отырып.

Қарағандылық Қуат Құсайынов пен Дана Вдовина өз жұмыс берушілері – «Нәтиже Сүт» ЖШС мен «Абзал» сауда үйінен әрқайсысы бір миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттарын алды. Ал «Евразия билдинг» құрылыс салушы компаниясы сегіз бала тәрбиелеп отырған көп балалы Құмкеновтар отбасына пәтер сыйлады.

- Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тамаша үлгілері. Өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсететін компаниялар мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер алуы тиіс деп санаймын, - деп атап өтті ТҚЖБ басқармасының төрағасы. – «Бақытты отбасы» бағдарламасы ең алдымен балаларға, оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда балалар уақытша жер үйлерде, көп балалы отбасылар тар пәтерлерде тұрмауы керек. Бұл болашақ бағдарламасы.