Қарағанды облысында бензин тапшылығы байқалуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бірнеше қаласы мен аудандарында мереке күндеріне қажетті жанар-жағармай қорымен қамтамасыз ету мәселесінде жергілікті шенеуніктердің салғырттығынан бензин тапшылығы байқалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Жезқазған әкіміне жасанды түрде бензин тапшылығы туындағаны үшін ескерту берілді. Аппарат отырысында айтылғанындай, облыс қалаларындағы автокөлік иелері тіпті талонмен де бензин ала алмай жатыр.

«Талонға да бензин берілмей жатыр. Бір жүргізушіге тек 20 литр беріп жатырмыз», -  дейді Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов облыс әкімдігінің аппараттық отырысында.

Қала басшысы он күнге жетерлік бензин қалғанын айтты. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров жанармай тапшылығы Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытаудың жауапты тұлғалары жанар-жағармай материалдарының қажетті қоры бойынша өтініштерді алдын ала бермегендіктен туындады дегенді алға тартады.

«Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары жоспарға сай жөнделуде. Қарағандыдағы мұнай қорларында запас жеткілікті, бірақ бірнеше күнге созылған мереке күндеріне Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау сияқты шалғайдағы қалалар күндік норма туралы алдын ала өтініш бермеді. Тасымал бойынша келісімшарт жасалған жоқ. «ҚазМұнайГаз» компаниясы мейрам күндері жұмыс істеген жоқ, соған орай мұнайды тасымалдау жұмыстры», - дейді Алмас Айдаров.

Осы мәселеге орай, облыс әкімі Ерлан Қошанов жергілікті билік өкілдеріне ескерту жасап, жанармай тапшылығын тез арада шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар