Қарағанды облысында бір күнде 8 заңсыз қоқыс алаңы жойылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жалпықалалық сенбілікке қатысқандар 8 заңсыз қоқыс алаңын тазартты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Қарағандыда қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша күзгі айлық басталды. 20 қыркүйектегі жалпықалалық сенбілікке 21 мыңнан астам адам қатысты. Бір күнде қалада 8 заңсыз қоқыс алаңы жойылды, 3 500 га аумақ тазартылды», - делінген хабарламада.
Аудандық әкімдіктер қоқыс шығаратын арнайы техникамен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.
Келесі сенбі, 27 қыркүйекте, жаппай қаланы тазарту шарасы жоспарланған.